01 Шiлде 2019
34

Сырым ауданында «Лагерь барысы – 2019» анықталды

Сырым ауданындағы аудандық «Достық» жазғы демалыс лагерінің демалушылары арасында қазақ күресінен «Лагерь барысы – 2019» турнирі өтті.

Турнирге 2008-2009 жылдары дүниеге келген жасөспірімдер қатысты. Іріктеу белдесулерді сəтті өткізген 4 балуан өзара жүлделі орындарға таласты. Бозкілемге «Шойын» лақап атымен шыққан аралтөбелік Мирлан Қонысбай алғабастық қарсыласы Нұрзат Хамидолланы, яғни «Найзағайды» жеңіп, «Лагерь барысы – 2019» атанды. «Шойынға» лайықты қарсылас болған «Найзағай» бірінші орынды иеленді. Кейінгі орындарды «Қабанбай» лақап атымен күрескен жетікөлдік Ермахан Ерсайын мен Алғабастың «Бөрісі» Арсен Бақсықов бөлісті.

-Жас ұрпақтың рухын биіктетуде ұлттық спорттың алатын орыны өте зор. Ауданда тұңғыш рет өткен «Лагерь барысы» жобасы сол мақсатты ақтады. Жас балуандар өздерін батыр сезініп, бозкілемде қазақ жігітіне тəн қайратын, мінезін көрсетті. Осы жарыстан кейін күреске қатыспайтын балалардың арасында қазақ күресіне деген ынта пайда болды,- дейді «Достық» жазғы демалыс лагерінің меңгерушісі, турнирдің ұйымдастырушысы Нұрболат Жұмағазиев.