05 Шiлде 2019
243

Бəйтерек ауданында 150 домбырашы күй тартты

Шілденің алғашқы жексенбісі Ұлттық домбыра күніне орай Бəйтерек ауданы орталығы Переметный ауылдық округінде «Домбыра – дастан» атты салтанатты шара өтті.

Салтанатты шараға аудан əкімі Асхат Шахаров қатысып, аудан тұрғындарын Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтап, шараның маңыздылығына тоқталды. -ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып белгіленді.

Домбыра – қазақ халқының өте ертеден бері келе жатқан ұлттық аспабы. Халқымыздың өмірінде маңызды орын алатын домбыра əндерді сүйемелдеуде, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармада да қолданылып, ұрпақтар сабақтастығының жалғасы болып келеді.

Ұлттық мəдениетіміз бен дəстүрімізді жаңғыртып, өскелең ұрпаққа мəні зор тəлім-тəрбие беретін шара жалғасын табатын болады! - деді аудан əкім Асхат Берлешұлы. Салтанатты шарада 150 домбырашы күй тартып, аудан тұрғындарының ыстық ықыласына бөленді.

 

суреттерді түсірген Сəлім Мəмбеталиев