09 Шiлде 2019
57

Жаңабұлақта аудандағы ең үлкен спорт алаңы ашылды

Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту бағдарламасына сай Ақжайық ауданы Жаңабұлақ ауылында көлемі 20х40 метр спорт алаңын «ОралСтройТехСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшы-қызметкерлері сəтті аяқтады.

Мұнда шағын футбол, волейбол, баскетболмен ойнауға толық мүмкіндік бар. Нысанға аудан қазынасынан 8 млн. 369 мың теңге жұмсалды. Осы күнге орай өткен салтанатқа жиналғандарды аудан əкімі атынан оның орынбасары Тимур Шиниязов құттықтады. Сондай-ақ жұрт қуанышына білім бөлімінің басшысы Дəурен Нұрғожа, тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автожол бөлімінің басшысы Асылбек Жаншин, көршілес Бударин ауылдық округінің əкімі Шоқан Мусағалиев, Қабыршақты ауылдық округінің əкімі Тілек Кəкенов, Мерген ауылдық округінің əкімі Мəмбетқали Сағаденов ортақтасты.

Шара барысында Т.Шиниязов аудан əкімі Қалияр Айтмұхамбетовтың Елорда күніне байланысты Алғыс хаттарын еңбек ардашерлері Əлима Таспаев, Рысқаным Қойшекенова жəне Бауыржан Балхашевқа табыстады. Ауыл спортшыларына Жаңабұлақ əкімі аппаратының бас мамандары: Айбат Төлегенов 10 спорттық киім, Ринат Қырықбаев 10 гетрый тарту етті.

Спорттық алаңның лентасын аудан əкімінің орынбасары Т.Шиниязов жəне спорт ардагері Ират Қырықбаев қиды. Алаңда бірінші болып спорт ардагері Мақсот Ажғалиев доп тепті.

- Шағын футболдан Алғабас, Бударин, Қабыршақты, Чапаев, Мерген ауылдық округтары жəне Есенсай ауылдық округінен Кеңсуат ауылы ойыншылары қатысқан бəсекеде І орынды қабыршақтылықтар иеленді. Айдын Сəрсенғазиев (Қабыршақты) «Үздік қақпашы», Асқар Сатқанов (Чапаев) «Үздік қорғаушы», Бауыржан Бисенбаев (Мерген) «Үздік шабуылшы», Əлібек Асылбек (Кеңсуат) «Үздік ойыншы» аталымдарымен марапатталды. Жарысқа «Аймекен» шаруа қожалығының жетекші Жақсыбек Құсайынов демеушілік жасады,-дейді Жаңабұлақ ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі кеңесші маман Жанболат Шайдуллиев.