11 Шiлде 2019
283

Компьютерлік сауаттылық курсын 1700 адам оқиды

Теректі ауданында 15 шілде күні тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа оқыту курстары басталады.

Өткен жылы ауданның Подстепное, Ақжайық, Федоров ауылдарындағы мектеп жанында жүргізілген курста 300-ге тарта теректілік компьютермен қарапайым жұмыс жасауды меңгеріп, мемлекеттік қызметті электрондық түрде алуды үйренді. Биыл аудан аумағын түгел қамтыған оқыту кезінде 1700 адам компьютерлік сауаттылығын ашады деп жоспарланған. Оқыту мектеп жанында, 15-24 шілде аралығында өтеді.