11 Шiлде 2019
145

Шыңғырлауда инватакси жұмыс жасауда

Биыл мамыр айынан бастап «Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ Батыс Қазақстан облысы көру мүшесі зақымдалған қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен ауданда мүгедектерді тасымалдау үшін инватакси қызметін жолға қойды.

Инватакси қызметі Шыңғырлау ауылындағы көру қабілеті шектеулі І топ жəне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға жұмыс, оқитын орны, уəкілетті жəне орындаушы органдар, сот, прокуратура жəне де əлеуметтік сала объектілері, əділет басқармасы, нотариус, медициналық мекемелер, теміржол вокзалы, сондай-ақ арнайы мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер бағыттары бойынша қызметін ұсынуда. Инватаксиге арнайы топтағы мүмкіндігі шектеулі тұрғындар бір күн бұрын тапсырыс беріп, күніне бірнеше рет жүгіне алады. Тіркелген азаматтардың аталған бағыттар бойынша арнайы жол парағы толтырылып, қол қояды. Күнделікті тапсырыстарды қабылдап, тіркеу үшін БҚО көру мүшесі зақымдалған қоғамдық бірлестігінде инватакси қызметінің жауапты жетекшісі, бір диспетчер жəне жүргізуші қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда инватакси қызметін көзі көрмейтін І топтағы 10 адам мен жасы 16-ға толмаған 6 мүмкіндігі шектеулі бала алып отыр. - Мүмкіндігі шектеулі арнайы топтағы аудан тұрғындары үшін инватакси қызметі қолайлы. Қызметті пайдаланушылар ризашылығын білдіруде. Өздеріне арналған көліктің үйден алып кетіп, күтіп алып үйге жеткізуі өте ыңғайлы,-дейді аудандық жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Сандуғаш Шинасилова.