16 Шiлде 2019
101

Қаратөбеде жаңа жедел жəрдем көліктері табысталды

Бүгін Қаратөбе ауданының əкімі Жанат Асантаев аудандық орталық аурухана мен Қоскөл ауылдық-дəрігерлік амбулаториясына су жаңа «УАЗ» жедел жəрдем көлігінің кілтін табыс етті.

Аудан басшысы Жанат Асылханұлы аудан дəрігерлерінің қиын да жауапты еңбектеріне сəттілік тілеп, екі көліктің кілтін аудандық орталық аурухана басшысының міндетін уақытша атқарушы Əсемгүл Жайықбайқызына табыстады. – Бүгін біз үшін қуанышты күн. Жедел жəрдем көлігінің бірін орталыққа пайдаланымыз. Көліктеріміз ескірген еді. Жаңа көлік табысталып қуанып жатырмыз. Екінші көлік күре жолдың бойында, аудан орталығынан шалғайдағы округтің бірі Қоскөлге берілмекші. Жол-көлік оқиғасы бола қалса көбіне Қоскөл ауылдық-дəрігерлік амбулаториясынан жəрдем күтеді. Оқиға болған жерге тез жетіп көмек көрсетуге, халықтың денсаулығын сақтауда жаңа көліктің болғаны дұрыс деп есептеймін, - дейді Əсемгүл Мұқанова.