16 Шiлде 2019
203

Биыл «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жылдағыдан ауқымды болады

Ақжайық ауданының Құрайлысай ауылдық округіндегі Талап мектеп-бөбекжай кешеніндегі көпбалалы отбасындағы 6 оқушыға мұғалімдер өз жинақтары есебінен оқу құралдарын алып берді. 

- Бұл көмек «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына орай көрсетілді. Биыл «Жүректен жүрекке!» ұранымен өтетін аталған акцияға байланысты 1 қыркүйекке дейін ауылымыз бойынша дəстүрлі қайырымдылық əдеттегідей ауқымды болары сөзсіз,- дейді əлеуметтік педагог Арайлым Ибрашова. Ауданда 1 қыркүйекке дейін өтетін дəстүрлі акцияға орай жер-жерде дайындықтар жүргізілуде. Былтыр əлеуметтік əлсіз отбасылардағы 1356 балаға 5 млн. 761 мың теңгенің көмегі көрсетілген болатын.