29 Шiлде 2019
222

Ақсайда V параолимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды

Бөрлі ауданында өткен БҚО-ның V паралимпиада ойындарының облыстық іріктеу кезеңі тартысты деңгейде өтті. Сайдың тасындай іріктелген спортшылар сыналған сайыста бабы мен бағы келіскендердің жұлдызы жанды.

Қорытынды бойынша жеңіл атлетикадан (ТҚАЗ, көру қабілеті төмен) Казталов ауданының спортшылары үздік шықты.

Үстел теннисінен (ТҚАЗ),отырып ойнайтын волейболдан, пауэрлифтингтан, парадзюдо (көру қабілеті төмен) Орал қаласының спортшыларына ешкім қарсылық көрсете алмады.

Оқпен атудан жəне жүзуден (ТҚАЗ, көру қабілеті төмен) жерлестеріміздің бəсі биік болды.

Жалпыкомандалық есеп бойынша, ешкімге есе жібермеген Орал қаласының командасы бірінші орынды иемденді. Екінші жəне үшінші орынды Ақжайық ауданы мен Бөрлі ауданы командалары өзара бөлісті.