31 Шiлде 2019
357

Бəйтеректе облыстық халық театрларының өнер фестивалі өтті

Аудан орталығында ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын іске асыру, «2019-жастар жылына» аясында, Бəйтерек ауданы мəдени-демалыс орталығының 20 жылдығына орай «Jastar SUMMER Fest» облыстық халық театрларының өнер фестивалі өтті.

Салтанатты шара аудан орталығында бастау алып, мерекелік кешке Батыс Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Мəулет Жұбатов, Бəйтерек ауданының əкімі Асхат Шахаров, облысымыздың аумағындағы халық театрларының басшылары мен өкілдері, аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Шара шымылдығы «Алтын дəн» композициялық қойылымымен ашылып, ауданымыздың өнері мен мəдениетіне өз үлесін қосып жүрген өнер майталмандары халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, əнші, сазгер биылғы жылдың «Үздік мəдениет қызметкері» медалінің иегері, халықтық «Ақ ниет» əжелер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Қасиетова, Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері, халықтық «Скифы» вокалды аспаптар ансамблінің жетекшісі Ғизат Қисымұлы, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, халықтық «ДостықДружба» ансамблінің жетекшісі Сергей Саяпин, ауданымыздың мəдениеті мен өнерінің дамуына көп жылдар бойы үлес қосып жүрген еңбек ардагері Марат Құспанұлы фестиваль жалауын орталық алаңға алып шығып, көкке көтерді.

Мерекелік кеш «Jastar SUMMER Fest» фестиваліне қатысушы театр труппаларының шеруіне жалғасып, салтанатты шеруді алғашқы болып Ақжайық аудандық мəдени-демалыс орталығының халықтық театры бастады.

Шеруді көршілес Тасқала аудандық халықтық театры, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халық театры, Казталов ауданының халық театры, Теректі ауданының халықтық «Дат» театрымен бірге режиссер Əліби Жанабілов жетекшілік ететін ауданымыздың «Бəйтерек таланттары» аудандық театры жалғастырды.

 

Салтанатты шеру барысында халық театрларының əр жылдардағы жетістіктері мен сахналық қойылымдары баяндалып, көрермен қауымның ыстық ықыласына бөленді.

«Jastar SUMMER Fest» халық театрларының облыстық өнер фестивалінің əнұраны шырқалып, сахна төріне фестивальдің ашылу салтанатының старт тетігін басу үшін Бəйтерек ауданының əкімі Асхат Шахаров, Ақжайық аудандық мəдени-демалыс орталығының халықтық театрының режиссері Күлім Алмұханова, Тасқала аудандық халықтық театрының режиссері Мағжан Жұмағалиев, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халықтық театрының режиссері Əсел Молдағалиева, Казталов ауданының халық театрының актері Таусих Тақаев, Теректі ауданының халықтық «Дат» театрының режиссері Əділбек Қожабеков, Бəйтерек аудандық «Бəйтерек таланттары» театрының режиссері Əліби Жанабілов шақырылды.

Шара барысында аудан əкімі Асхат Шахаров сөз алып, алтын дəнді өлкемізге келген өнер тарландарына өз ризашылығын білдірді.

 

Театр - сахналық өнердің драмалық көріністер арқылы көрерменнің көз алдына əкелетін өмір айнасы. Театрдың тарихи жағынан қалыптасып, даму, өсіп-өркендеу жолы əрбір ұлттың, əр халықтың өмір-тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен жəне тұрлаулы мəдениетімен тығыз байланысты.

 

Алдағы уақытта да халық театрларының фестивальдары өлкемізде жалғасын тауып, сахналық қойылымдар өнерсүйер көрерменнің ыстық ықыласына бөлене беруіне тілекшімін,-деді аудан басшысы Асхат Берлешұлы.

Салтанатты шара «Jastar SUMMER Fest» халық театрларының композициялық қойылымдарына ұласып, «Ашық аспан астындағы кино» қойылымымен жалғасын тапты.

 

Екі күнге жалғасқан шараның екінші күні орталық алаңда облысымыздың бес ауданынан келген халық театрларының сахналық қойылымдары қойылды.

Театр өнерін дамыту мен қолдау жəне еліміздің мəдени өмірінің мəртебесін көтеру бағытында ұйымдастырылып отырған таетрлардың қойылым шымылдығын Ақжайық мəдени-демалыс орталығының халықтық театры елімізге танымал режиссер Мұқанғали Томановтың «Қыздарым менің» трагедиялық драмасымен бастаса, Бөрлі аудандық «Мұрагер» халық театры Жан Ануйдің «Медея» трагедиясын, Казталов ауданының халық театры Талапхан Ахметжанның «Сұлу мен суретші» драмасын, Теректі ауданының халықтық «Дат» театры режиссер Мұқанғали Томановтың «Қыздарым менің» трагедиялық драмасын, Тасқала аудандық мəдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық театр Айжан Атымтаеваның «Кім патша?» ертегісін сахналады.

Халық театрлары байланысын нығайту жəне театр мəдениетінің өзара іс-əрекетін жандандыруға ықпал ету, театр өнерін халық арасында кеңінен насихаттау, сахна өнерін жандандыру мақсатында өткен екі күнге созылған салтанатты шара аудандық мəдениет үйінде өз мəресіне жетіп, Бəйтерек аудандық мəдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің басшысы Радих Ихласов пен Переметный ауылдық округінің əкімі Бекзат Бадақов «Jastar SUMMER Fest» облыстық халық театрларының өнер фестиваліне қатысқан барлық халық театрлары мен театрдың қоюшы режиссерларын, театр актерларын марапаттап, естелік сыйлық табыс етті.

-Мəдениет майданындағы өнер өлкесі - театр. Театр - ұлт руханиятының ажырамас бөлігі, өнер əлеміне жол салған тəрбие мектебі. Екі күнге созылған «Jastar SUMMER Fest» облыстық халық театрларының өнеріне жоғары баға беремін. Алдағы уақытта да осындай игі шаралар жалғасын табады деп сенемін,-деді Мичурин ауылының тұрғыны Ерқанат Мұханбетшин.