02 Тамыз 2019
154

«Шырдайдың» шабындығына шалғы түсті

Сырым ауданының əкімі Төлеген Төреғалиев Талбұлақ ауылдық округіндегі жұмыс сапары кезінде «Шырдай» шаруа қожалығының судан алқабында болды.

Талдыбұлақ ауылдық округі əкімі аппаратының бас маманы Азамат Əбдірашевтың айтуынша, шаруашылықтың екпешөп алқабы 300 га құрайды. Ору жұмыстары апта бұрын басталып, оған əзірге агрегатымен қоса 1 дана техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, аудандағы мал азығының қорының жоспары 148, 9 мың тонна болса, ол жоспар бүгінгі күні 41 пайызға орындалды. Қазіргі уақытта 179, 67 га жер шабылып, орташа өнімділік 3, 0 центнерді құрап отыр.