02 Тамыз 2019
75

Теректіде үш ауылға спорттық кешен салынады

Ауданға жұмыс сапарымен ҚР Олимпиада комитетінің өкілі Бақытбек Хамитов келді. Құрметті қонақты аудан əкімінің орынбасарлары Қуаныш Шарафутдин жəне Махамбет Батырғалиев қарсылап, аудандағы бұқаралық спорттың жағдайымен таныстырды. Аудан орталығындағы спорттық нысандарды аралаған Олимпиада комитетінің өкілі жас спортшылармен де тілдесті.

Алдағы бес жылда Подстепный, Шаған жəне Ақжайық ауылдық округтерінде дене шынықтыру жəне сауықтыру кешендері бой көтереді. Бұл - жоспарға енген жұмыстар. Осы ауылдардың халқы аудан əкімінің есептік кездесулерінде спорттық кешеннің жоқтығын əрдайым айтып келеді. Халықтың салауатты өмір салтын ұстануы үшін барлық жағдайды жасауға əзірміз,-деді аудан əкімі орынбасары Қуаныш Шарафутдин.

Бақытбек Хамитов қос орынбасардан аудандағы атқарылып жатырған жұмыстардың біразын естіп, дене шынықтыру жəне сауықтыру кешенін, орталық стадион жəне балалар жəне жасөспірімдер спорт мектебін көзбен көрді.