02 Тамыз 2019
180

Шыңғырлауда «Zhas Project» жобасы аясында тренинг өтті

«Zhas Project» жобасы аясында Бөрлі ауданы, Ақсай қаласы жəне Шыңғырлау ауданының грант иегерлері үшін Шыңғырлау ауданында 4 күндік тренинг ұйымдастырылды.

Оқу барысында қатысушылар өздерін жаңа қырларынан көрсетіп, болашақ кəсіпкерлерге сай жаңа қадамдар жасады. Жобаның алғашқы көрінісі ретінде 9 жоба қатысушылары бірігіп, аудандық қарттар үйіне көмек қолдарын созды. Қариялар жастарға өз баталарын беріп, алдағы жұмыстарына сəттілік тіледі.

Айта кетейік, «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы ҚР Білім жəне ғылым министрлігі мен Дүниежүзілік банктің қолдауымен 2017 жыл дан бері жүзеге асып келеді. Жұмыссыз жастардың үздік əлеуметтік жобаларын сынға салатын гранттық конкурсқа осы уақытқа дейін 5508 жас қатысып, 1616 бірлескен жоба жеңімпаз болған. Яғни, осыншама жұмыссыз жас өз кəсібін бастап, бүгінде еңбегінің жемісін жеп отыр. «Zhas Project»-тің ең тиімді тұсы сол, əр жобаға миллион теңгеден қайтарымсыз қаражат жəне əр қатысушыға алты ай бойы 40-60 мың теңгеден шəкіртақы беріледі.