02 Тамыз 2019
86

Велосипед ұрлаған бәйтеректік оқушы ұсталды

Бәйтерек ауданының қызметкерлері аудан орталығына орнатылған камера арқылы велосипед ұрлығына барған жасөспірімді қолға түсірді.

 

Аталмыш оқиға шілденің 31 күні Бәйтерек ауданының Переметное ауылында орын алған. Осы күні кезекшілікке түскен БҚО Бәйтерек ауданы жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторлары - полиция аға лейтенанты Карлимов Серік және полиция майоры Қантеміров Қанат орнатылған бейнекамераларға жіті бақылау жүргізіп, нәтижесінде Тәуелсіздік көшесіндегі алаңда еркін түрде «Стелс» маркалы велосипедін айдап кеткен оқушыны анықтап, дереу қолға түсірді. Ұсталған кәмелетке толмаған оқушы 2009 жылы туылған, Переметное ауылының тұрғыны екені белгілі болды. Ол жасаған ісін мойнына алды. Ұрланған зат тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.