03 Тамыз 2019
189

Кәсіби мереке

Тамыздың алғашқы жексенбісінде темір жол саласында қызмет жасайтын жандар кәсібіи мерекесін атап өтеді.

 

 

Темір жол саласында жұмыс жасайтын азаматтар жолаушылардың амандығы мен олардң діттеген жеріне уақытылы жетуі үшін күні-түні еңбектенуде. Бүгінгі таңда облыстық вокзалда 100-ге жуық маман бар. Тамыздың алғашқы жексенбісінде темір жол саласында қызмет жасайтын жандар кәсіби мерекесін атап өтеді. Темір жол саласы логистиканың ажырамас бөлігі екендігі даусыз. Жолаушы тасымалдаудан өзге, түрлі жүкті де діттеген жеріне от арба уақытылы жеткізеді. Ал, осы салада қызмет жасайтын жандардың арқасында бұл жүйе боран мен аптап ыстықта да өз жұмысын жалғастыра береді. БҚО 100-ге жуық азамат темір жол саласында бел жазбай еңбектенеді. Темір жолдың саласының ең маңызды саласы жолаушыларды аман-есен өзге қала мен облысқа алып бару. Қазіргі таңда батысқазақстандық еліміздің елордасы мен оңтүстік астанасы мен өзге Ресейдің Саратовына дейін қатынай алады. Бұл, Орал-Алматы от арбасында жол серік болып қызмет жасайтын Нұралы Еспембетов есімді азамат. Ол жолда азаматтардың амандығына жауапты. Оралдық вокзал заман талабына сәйкес болып, жолаушыларға арналған жағдайды жақсарту үшін күрделі жөндеуден өтті. Ғимараттың өзі 1983 жылы салынған. Бұған дейін оралдықтар үшін қызмет жасаған вокзал 20-шы ғасыршы ғасырдың басында салынғаны тарихтан белгілі. 36 жыл жолаушыны тасымалдаумен айналысатын нысан өңірге келген меймандарды жақсы қарсылау үшін Ақжайық өлкесінің көрікті жерлерін насихаттап тұратын арнайы экран орнатылмақ.