05 Тамыз 2019
769

Сырымдықтар ағылшын тілін үйренуде

Елбасы Н.Назарбаевтың үштілділік саясатын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы əкімдігі жəне Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы əкімдігінің мəдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің бірлескен түрде ұйымдастыруымен 2019 жылдың 3 шілде – 2 тамыз күндері аралығында ағылшын тілін үйрену курсы өткізілді.

Жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылған ағылшын тілін үйрену курсына 20-дан астам түрлі мекеме қызметкерлері қатысып, нəтижесінде мердігер тарапынан ұсынылған студенттер деңгейі бойынша PRE-Intermediate (A2-V1) 4 адам, PRE-Intermediate (A2) деңгейінде 17 адам меңгерген. Курсты меңгергендердің атынан сөз алған аудан əкімдігінің бас инспекторы Ерболат Исанов аудан əкімдігіне, мəдениет, тілдерді дамыту жəне спорт бөліміне алдағы уақытта ауданымызға дəл осындай ағылшын курстарының ауадай қажет екендігін жəне сол курстарға қатысушылардың жұмыс орындарына қатынас қағаздары жіберілсе деген ұсынысын білдірді.