19 Тамыз 2019
92

Теректіде үш спорт алаңы ашылды

Жасанды жасыл жабын төселген, футбол, волейбол, баскетбол ойнауға арналған алаңның әр қайсысының құны - 7 950 876,64 теңге. Үш алаңды да «Тарлан-НС» ЖШС жергілікті бюджет қаражатына салды.

 

Аңқаты, Жаңа өмір, Покатилов ауылдарында салынған спорт алаңдарының ашылуымен аудан әкімі Әділ Жоламанов ауыл тұрғындарын құттықтады. Алдымен Аңқаты ауылындағы алаң ашылды. Жергілікті спорт ардагерлері Ердан Ихсанғалиев пен Ерболат Жұмағалиев лента қиды.

Жаңа өмірдегі алаңның лентасын ардагер ұстаз Алтынбек Ермұханбетов пен Шаған мектебінің түлегі, бүгінде осы мектепте мұғалім Жайдар Жұмаш, Покатиловтағы алаң лентасын ауданның Құрметті азаматы Ерғали Бекетов пен педагогикалық еңбек ардагері Александр Юрьев кесті.