20 Тамыз 2019
95

«Латын керуені» Қаратөбеде

Облыстық тілдер басқармасының ұйымдастыруымен «Латын керуені» түсіндіру тобы Қаратөбе ауданының Жусандыой және Сулыкөл ауылдық округтерінде болды.   

 

Тіл саясаты комитеті, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - қазына» ұлттық ғылыми практикалық орталығында жаңа әліпбидің емлесін үйренген тренер Әділхан Сұлтанов тұрғындарға латын графикасына көшуге байланысты жаңа әліпбидің емлесі туралы түсінік берді.

 

– Тіл – ел тірегі, елдің болашағы. Сондықтан еліміз бойынша латын графикасына көшудің маңызы зор. Еліміз 1940 жылға дейін латын қарпін қолданды. Содан 80 жыл бойы 42 қаріптен тұратын кириллицаны пайдаландық. Латын қарпіне көшу заман талабы. Бүгінде латын қарпін әлем елдерінің 80 пайызы қолданады. Латын графикасына көшу тиімді, - деді Әділхан Тілекқабылұлы.