22 Тамыз 2019
85

Бәйтерек ауданына «Денсаулық» пойызы келді

Бәйтерек ауданының орталығы Переметный ауылына тоқтаған «Денсаулық» консультативтідиагностикалық пойызының бригада құрамында терапевт, педиатр, гинеколог, хирург, лор, кардиолог, онколог-маммолог, стоматолог сынды жалпы саны 23 маман бар

 

Ауданға келген дәрігерлер медициналық қызметке мұқтаж аудан тұрғындарына алғашқы медициналықәлеуметтік және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетуде. Жоба сәуір айының аяғынан басталған. Медициналық пойыздың басты мақсаты еліміздің шалғай аудан тұрғындарын тегін медициналық қызметпен қамту. Жобаны «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүзеге асыруда.

 

Медициналық пойыз Германия және Жапония елдерінің алдыңғы қатарлы фирмаларының заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарымен қамтылған. Пациенттерге қажетті жағдайда толық және жалпы биохимиялық талдау жасауға, ренгенография және флюрография өтуге, ішкі органдардың аурулары және қан тамырларына УДЗ-зерттеулер жүргізуге, электрокордиограмма, гастрофиброскопия жасауға мүмкіндік береді. Бүгін Переметный теміржол бекетінде ұйымдастырылған шарада дәрігерлер 150-ге жуық адамды қабылдап, медициналық қызмет көрсетті