23 Тамыз 2019
197

Теректі ауданы әкімі чемпиондармен кездесті

Теректі ауданы әкімі Әділ Жоламанов Нұр-Сұлтан қаласында өткен ''Балдәурен'' бастауыш сынып оқушылары арасындағы футбол біріншілігінің республикалық кезең жеңімпазы - Подстепный қазақ мектебінің командасымен кездесті.

 

Қабылдауда аудан әкімі Әділ Тауфихұлы: - Алдағы уақытта да жарыстарда топ жарып, аудан спортын өрге сүйреуде сүбелі үлестеріңді қосатындарыңа сенемін. Еліміздің ертеңі өздерің секілді жастардың қолында. Әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беріңіздер, -деген тілегін жеткізді. Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Жанаргүл Хусаинова да жас футболшыларға игі тілектерін айтты

 

Кездесу барысында "Үздік ойыншы" атанған Ерсұлтан Еркін, команда капитаны Ерасыл Кәрім әсерлерімен бөлісті. Аудан әкімі Әділ Жоламанов жас спортшыларды республикалық жарыстың жеңіс тұғырынан көрінуіне еңбек сіңірген жаттықтырушысы Қажет Джалитовқа алғыс хат табыстады. Команданың әр мүшесіне спорттық киім сыйлады.