23 Тамыз 2019
114

Танымал теолог Бөрлі ауданына келді

Республикаға танымал теолог, PHD докторанты, "Нұр-Мүбәрәк" Египет ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры Асқар Сабдин Бөрлі ауданына келді.

 

Аудандық ІІБ қызметкерлері және аудан жастарымен кездесіп, АТТ мүшелеріне, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына, дінтану пәні мұғалімдеріне семинар өткізді. Кездесудің мақсаты – бүгінгі қоғамда болып жатқан террорлық түрлі оқиғалар туралы жастарға, сала мамандарына дұрыс бағыт-бағдар беру, оларды жаман іс-әрекеттерден сақтандыру.

 

Жиын қонағы Асқар Ғалымжанұлы жалпы бүгінгі әлемде, қоғамда болып жатқан террорлық әрекеттер мен дінаралық қақтығыстар туралы, сондай-ақ қазіргі уақыттағы дәстүрлі емес діни ағымдардан қалай сақтану, олардың қоғамға келтірер зияны туралы мәселелерге тоқталды. Сұхбаттасу барысында тыйым салынған ұйымдарға жастарды тартудың себептері, теологиялық сипаттағы өзекті проблемалар талқыланды.

 

Кездесу сала мамандарының, жастардың сенімін арттыруға, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты сақтауға бағытталған белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қатысушылар дін мәселесіне байланысты сұрақтарын қойды.