24 Тамыз 2019
143

Тасқалалықтар сенбілікке шықты

Тасқала ауданы Тасқала ауылдық округінің ұйымдастыруымен жалпы аудандық сенбілік өткізілді

 

Оған 59 мекеме қатысты. Таңертеңнен күрек, сыпырғы ұстаған әр мекеме қызметкерлері көше бойын тазартты. Арнайы көліктер қоқыстарды аудан сыртына шығарды.

 

Аудан аумағын көріктендіру, тазалау және көгалдандыру мақсатында өткізілген жалпы аудандық сенбілікте бірқатар жұмыс атқарылды. Берілген мәлімет бойынша сенбілікке 350 адам қатысып, 10 шақырымдай жол жиегі, 10 текше метр күл-қоқыс шығарылған. Жұмысқа барлығы 2 техника жұмылдырылды