27 Тамыз 2019
98

Сырым ауданында халыққа шөпті тегін беретін қайырымды қожалықтар бар

Жаз біреулер үшін жан тыныштығы мен демалыстың уақыты шығар. Ал сырымдық шаруалар үшін жаз – екпінді еңбек пен жанталасқан жұмыстың уақыты.

 

Кеше арнайы барып, Шолақаңқаты ауылдық округіндегі жазғы далалық жұмыстарды көріп қайттық. Бізді округ әкімінің міндетін уақытқа атқарушы Мақсот Жиенғалиев күтіп алды. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін, алқаптарға қарай бет алдық. Биыл Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша 640 гектар алқапқа – жаздық бидай, 2120 гектар алқапқа – арпа, 48 гектарға тары егіліпті. Майлы дақылдар құмай мен мақсарының егістік көлемі шамалас – 125-130 га. Біржылдық екпешөп суданның алқабы – 870 гектар.  Кейбір егістікке жаңбыр дер кезінде тиді Осы жылы округтің 9 шаруа қожалығы егіс салса, 1 қожалық егістік алқабын сұрыптау учаскесі ретінде пайдаланыпты. Шаруашылықтардың біразы егінін орып, шөбін шауып болды. Десек те, жерден әлі орағы мен шалғысын көтермеген қожалықтар да бар. Солардың бірі - Ғайнолла Сүлейменов жетекшілік ететін «Құспанкөл» шаруа қожалығы.

 

Қожалықтың егістік алқабына барған бізді «Енисей» мен «Нива» қарсы алды. Қос комбаин арпа алқабын орып жатыр екен. Егістікке орақ тигеніне апта болыпты. Әр гектар 5 центнерден өнім беруде. -Округ бойынша орташа есеппен арпа – гектарына 5, 7 центнерден, бидай – 7, 2 центнерден өнім беріп жатыр. Өнімнің көрсеткіші 4 центнерге түсіп кеткен уақытта да болды. Биыл жауын-шашын жақсы болды. Егіс салуға жай кіріскен шаруашылықтардың егістігіне жаңбыр дер кезінде тиді. Мәселен, егістік алқабын жаңбыр уақтылы суарғасын «Абай» шаруа қожалығы жаздық бидайдың әр гектарынан 8 центнерден дән алды, - дейді Мақсот Жиенғалиев. Комбайн тізгіндеген спортшы Комбайндар Құспанкөлдің қырын еңбек әнімен тербетуде. Диқандармен кездесіп, ақпар алысып жатып, «Комбайндарды кімдер жүргізуде? Жас мамандар келіп жатқан жоқ па?» - деп сұрадық. -Бар, бар! Биыл бір жас жігіт келді! – деп қуана сөйлеген олар бізге кезекті айналымынан келе жатқан «Енисейді» нұсқады. Комбайн жанымызға тоқтап, бауырындағы дәнін көліктің бортына құя бастады. Осы сәтті пайдаланып, біз де әріптестері айтқан жас маманмен тілдесіп қалуға тырысып, кабинге қарай жүгірдік. Сөйтсек, «Енисейді» тізгіндеген жас маманымыз - біздер спортшы ретінде танитын Мәулет Айдаров екен. Мәкеңді осыған дейін керемет шаңғышы, қол күресінің шебері, спорттың осы түрінен ауданның чемпионы деп танушы едік, жасы отыздан енді асқан жас жігітке комбайнның тізгіні де керемет жараса қалыпты.

-Мамандығым - мұғалім. Қазір Құспанкөл ауылындағы мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасаймын. Жазғы демалысымда егістік алқапта еңбек еткенді жөн көрдім. Биыл комбайнның рөліне бірінші рет отырдым. Күрделі техника екен. Гидравликасын, әрбір агрегаттың жұмысын жүрегіңмен сезіп отыруға тиіссің. Жанымда тәжірибелі механизатор ағалар бар. Солармен ақылдасудамын. Атам Базарбай Мәулетов те күнінде осы далада еңбек еткен, В.Шубинмен үзеңгілес болған адам. Бұл еңбек маған жат емес, - дейді ол.   Екпешөптің бейнеті аз, өнімі көп. Шолақаңқаты ауылдық округіндегі шаруашылықтардың 90 пайызы – екпешөп егумен айналысады. Себебі олар екпешөптің тиімділігін түсінді.

 

 

Екпешөптің тиімділігі неде? Біріншіден, өнім болмай қалады деген қауіп жоқ. Кейбір шаруалар даланы ала шаңдақ қылып, көлді тырнап, қырды қырнап жүріп, гектарына 3 центнер шөпті әрең шауып жатса, екпешөп

 

Округ әкімінің міндетін атқарушы, осы салада көп жылдық тәжірибесі бар Мақсот Жиенғалиевтің айтуынша, екпешөп алқабын қуаңшылық болған жылы – бір рет, ал жауын – шашын жақсы жылдары екі қайтара шабуға болады екен. Мәселен, «Правда» шаруа қожалығы 200 гектар судан алқабының әуелі 185 гектарын шапса, араға уақыт салып осындай көлемдегі шабындықты тағы да жайратып, буып үлгерді. Қалған 15 га тұқым есебінде шабылып, сақталуда. Осы сияқты «Нұрдәулет» ШҚ биыл біржылдық екпешөптің әр гектарынан 18 центнер шөп шауыпты

Округте 1994 жылы егілген көпжылдық екпешөп алқаптары әлі өнім беріп тұр.   Қайырымды қожалықтар Басқа аудандағылар шөп сататын адам таппай жатса, Сырым ауданында шөпті тегін беріп жатқан шаруашылықтар да бар екен. Сырым аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің маманы А.Аралбаевтың берген мәліметіне сүйенсек, Аралтөбе ауылдық округіне қарасты «Жайсан - 2» қожалығы (жетекшісі Қ.Ерғалиев) Қызылағаш ауылының тұрғыны Ж.Ермұхановтың жанұясына жарты бағамен 10 бума шөп түсіріп беріпті. Сарой ауылдық округіне қарасты «Мирас - 7» шаруашылығы (жетекшісі Н. Сейітов) Г.Батыроваға 10 бума, «Жомарт» қожалығы (жетекшісі М.Тұрмұхамбетов) Р.Батыроваға 10 бума, ал «Қайрат» шаруашылығы (жетекшісі Қ.Өтепов) зейнеткер М.Бисекеноваға 10 бума шөпті тегін беріпті.