27 Тамыз 2019
136

Теректі ауданына 22 жас мұғалім келді

Теректі ауданының әкімі Әділ Жоламанов бүгін білім саласына келген жас ұстаздармен кездесті.

 

Биылғы оқу жылында ауданға алғашқы еңбек жылын бастағалы отырған 22 жас ұстаз келген. Бастауыш сынып мұғалімі, биология, химия, математика, тарих және тағы басқа пәндер мұғалімі мамандығына оқып шыққан жастар енді өздері бала оқытады. Осыдан төрт жыл бұрын Шаған мектебінен шыққан түлек Асыланбек Бақытжан туған мектебіне химия пәні мұғалімі болып оралды. -«Дәрігердің қателесуіне болмайды» дейді. Меніңше, мұғалімнің де қателесуіне болмайды. Елдің ертеңін өсіру сіздерге сеніп тапсырылған,-деген Әділ Тауфиқұлы жас мамандарға сәттілік тіледі.

 

Аудандық мәслихат хатшысы Әлжан Нұрғалиев: -Тарихы терең, небір атақты адамдар мекені болған Теректіге келген қадамдарың құтты болсын. Жастар жылы еңбекке қадам басып отырсыңдар. «Маған мемлекет не береді?» демей, «Мен осы өңірдің гүлденуі үшін не істесем екен?» деп, үлес қосар азамат болыңдар,- деген тілегін айтты.