27 Тамыз 2019
63

Бәйтеректе «Заңгерлік кеңес» акциясы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында ҚР Конституциясы күніне орай аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Заңгерлік кеңес» акциясы өтті.

 

Жиын барысында аудан тұрғындарына аудандық прокуратура, әділет басқармасы, полиция бөлімі кеңес берді. Шараға 30-дан астам аудан тұрғыны келіп, мамандардан кеңес алды.

- Акцияның басты мақсаты ауыл тұрғындарына заң саласы туралы толық мағлұмат беру, білікті заң көмегін алу үшін қайда хабарласу керектігі туралы айту. Осы себепті ұйымдастырылған шарада тұрғындар өздерін мазалаған сауалдар бойынша заң органдары өкілдерінен нақты жауап алды, - дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлдана Мәлікқызы.