28 Тамыз 2019
160

Ұстаздар еңбегі еленді

Жаңақала ауданында «Жаһандық құндылықтар Қазақстандық білім мен ғылымның сапасы» атты аудандық білім беру қызметкерлерінің тамыз конференциясы өтті.

 

Жиынға аудан әкімі Н.Қарағойшин, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, Жаңақала ауданындағы облыс әкімінің қоғамдық өкілі Е.Салықов, БҚО білім басқармасы басшысының орынбасары З.Ғұмарова, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитетінің төрағалары, мұғалімдер және жас мамандар қатысты.

 

Қатысушылар алдымен «Цифрлы Қазақстан – білім саласын цифрландыру» және «Ғылыми жобалар» атты көрмені тамашалады. Конференция алдында биыл ұстаздық еңбек жолына жолдама алған жас мамандар, ардагер-ұстаздарға ізін жалғау ниетінде гүл шоқтарын ұсынып, жүрек жарды лебіздерін жеткізді.

 

Аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы жаңа оқу жылында ұстаздарға жаңа үміт, білім беру мазмұнында зор міндеттер артып отырғандығын жеткізіп, жаңа оқу жылы қарсаңында оқытушылар қауымына зор денсаулық, шығармашылық табыс пен шабыт тілеп, біраз ұстазды марапаттады. Соның ішінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және алғыс хаты, облыс әкімінің орынбасарының алғыс хаты, БҚО білім басқармасының Құрмет грамотасы, БҚО білім басқармасының және облыстық оқуәдістемелік кабинетінің алғыс хаты берілді. Бір топ ұстаз Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің, БҚО білім беру қызметкерлері кәсіподақ комитетінің, Жаңақала аудандық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ облыстық «Алтын ұя» байқауының ІІ орын иегерлері Сахметовтар отбасына аудан әкімінің алғыс хаты мен естелік сыйлық ұсынылды.