28 Тамыз 2019
86

Сырымдық бойжеткен қой өсіруге кірісті

Сырым ауданындағы Көздіқара ауылының 19 жастағы тұрғыны Асылхан Салық «Жас кәсіпкер» жобасына қатысушылардың бірі. Жастарды қолдауға арналған «Жас кәсіпкер» деп аталатын тың бастама біздің өңірде қарқынды жүруде.

 

Жоба 18-29 жас аралығындағы өзіндік ой-арманы, мығым мақсаты бар жастарды кәсіпкерлікке оқытумен және 505,0 мың теңге қайтарымсыз грант беріледі. Оның ішінде жұмыссыз немесе өзін-өзі қамтушы жастарға басымдық беріледі. Бағдарламаға қатысу үшін жастар кез келген бағытта пайдалы жоба ұсынуы керек. -«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы туралы алғаш теледидардан көріп, қызығушылық танытып, өз ісімді ашуға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолықтым. Маусым айында орталықтың жолдамасымен «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша кәсіпкерлікке оқып, сертификат алып, бағдарлама арқылы жеке шаруашылығымды дамыту үшін 505 мың теңге қайтарымсыз грант алдым. Өте ыңғайлы. Алған қаржыға 15 тоқты 6 ешкі сатып алдым. Сонымен қатар мемлекет тарапынан атаулы әлеуметтік көмек алып отырмын.

 

Бағдарламаға қатысқаным үшін шексіз ризамын. Соның арқасында жеке шаруашылығымды дамытып, жоғары табысқа қол жеткізуге мүмкіндік алдым,- дейді Асылхан Ерболқызы.