28 Тамыз 2019
86

«Өз ауламнан кәсіп бастадым»

Көп балалы отбасылар бүгінде мемлекеттік сан-салалы қолдауды қабылдауда.

 

 

Мысалы Сырым ауданы Аралтөбе ауылының тұрғыны, 4 баланың анасы Нұргүл Қадырова биыл сәуір айында құжат тапсырып, қазір әлеуметтік көмекті алып отыр. Оның үстіне көп балалы ана жуырда «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы қайтарымсыз грантқа ие болды.

 

-Төрт балам бар. Жолдасым тұрақты жұмыста. Атаулы әлеуметтік көмек өз алдына, биыл «Жұмыспен қамту» бағдарламасы арқылы кәсіпкерлік негіздерін үйрететін курсқа қатысып, кейін қайтарымсыз гранттың иегері атандым. Сол қаражатқа құс сатып алып, ауламнан шағын кәсіп бастадым. Алдағы мақсатым – құстарымнан өнім алу, сол арқылы кәсібімді кеңейту. -Әр отбасы мемлекеттік көмекті толық пайдаланып, жарқын өмірге өздері ұмтылуы тиіс деп ойлаймын,- дейді Нұргүл Қадырова.