29 Тамыз 2019
195

Мұрадым Мирланов Маңғыстауда өткен айтыста бас жүлдеге ие болды

Ақтау қаласында Əбіш Кекілбаевтың 80 жылдығына арналған "Алты Алаштың Үркері" атты аймақтық жас ақындар айтысы өтті. Айтысқа батысқазақстандық айтыскер ақын Мұрадым Мирланов қатысқан болатын. 

Айтыстың қорытындысында бас жүлдені жерлесіміз Мұрадым Мирланов жеңіп алды. Бірінші орынды Азамат Орынбасаров, екінші, үшінші орындарды ақтаулық Рамазан Тезекбаев пен Зейнетолла Қосымбаев иеленді. -Айтыс өте жоғарғы деңгейде өтті. Төрт сағат бойы айтыс көріп, ақындарды қолдаған барша көрерменге мың алғыс! "Жыр-жебе" ақындар мектебінің жас айтыскерлері өте сəтті өнер көрсетті. Осы ақындарды тəрбиелеп, айтысқа дайындап жүрген Нұрлан, Фархад Мұсаевтарға ел-жұрты риза,- деп айтыскер Шалқарбай Ізбасаров айтыстан алған әсерімен желіде бөлісті. Мұрадым бір апта бұрын Атырау облысының Жылыой ауданында өткен "Елі сүйген Салауат" атты аймақтық ақындар айтысында да бас жүлде алған еді.