29 Тамыз 2019
78

Жәнібекте он жоба грант ұтып алды

Бүгін Жәнібек ауданы орталығында аудан әкімдігінің қолдауымен «Zhas Project» жастарды қолдау орталығы ашылды.

 

Орталық жәрмеңке өтіп, оған аудан әкімінің міндетін атқарушы Жақсылық Абдолов, әкім орынбасары Жұбаныш Хайруллин, бөлім басшылары және ауыл тұрғындары қатысты.

 

-Жастар жылы аясында республикада жастарға арналған көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Соның бірі ауданда алғаш рет «Zhas Project» жобасы іске қосылды. Аудан әкімдігінің қолдауымен, міне, орталық та ашылды. Жәнібек ауданы бойынша 31 жоба, яғни 99 адам бағын сынап, грантқа қатысты. Соның ішінде 10 жоба грантты ұтты. Бүгінгі таңда кәсібін айналдырып отыр. Бүгін аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Zhas Project» жәрмеңкесін көрме ретінде ауыл тұрғындарына ұсынып отырмыз. Көрмеде грант ұтып алғандар өз кәсібін таныстырды. Мысалы, жылыжай өсіріп, мал шаруашылығымен айналысқандар өнімдерін, қыз жасауы жасап жатқандар бұйымдарын, ұсынды. Ал осы кеткен орталықта шаштараз бен Playstation клубы тұрақты түрде қызмет көрсетеді, - деді аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Мирас Иманғалиев.