29 Тамыз 2019
122

Бөрлі ауданында қайырымдылық акциясымен 110 балаға сөмке берілді

Бөрлі ауданының ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының, Бөрлі аудандық мешіті мен "Сұңқар Ақсай" ҚБ-ның ұйымдастыруымен "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымдылық жасалды.

Шара барысында 110 балаға сөмке таратылды. Олардың ішіндегі бір отбасының ата-анасының мүмкіндігі шектеулі жан екені айта кеткен жөн.

 

-Балғындардың мектепке баратын уақыты да таяп қалды. Кей отбасылар балаларын мектеп құралдарымен толық қамтамасыз ете алмайды. Осындай әлжуаз топтарды қолдау мақсатындағы «Мектепке жол» акциясына өзіміз де үлес қосқымыз келді. Осы арқылы балалардың жүзіне күлкі сыйлап, қуантсақ деген ой болды. Әріптестеріміз игі бастаманы қоштап, бүгінгі қайрымдылық шарасы өз деңгейінде өтті. Мұндай шаралар өз жағасын таба бермек,-дейді аудан имамы Қанат Жакенов.