02 Қыркүйек 2019
101

Бөрліде полиция инспекторлары марапатталды

Бөрлі ауданында еліміздің тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауда, сондай-ақ, қылмыспен күресте еңбек етіп жүрген учаскелік полиция инспекторларының 100 жылдық мерейтойы аталып өтілді.

 

Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Алтай Тоғжанов тәртіп сақшыларын ғасыр межесіне жеткен кәсіби мерекемен құттықтап, ел тыныштығы жолындагы қиын да жауапты қызметтеріне табыс тіледі. Сондай-ақ бірқатар учаскелік полиция қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Одан әрі сөз алған мәслихат хатшысы Әділхан Кулекешов те жүрек жарды лебізін білдіріп, өз атынан қызметкерлерге алғыс хат ұсынды.

 

Салтанатты жиында ішкі істер саласының ардагерлері де өздерін өкшелеп келе жатқан ізбасарларына мерекелік тілектерін арнады. Аудандық полиция басшысының бірінші орынбасары Тимур Майранов сала ардагерлеріне және аудандық учаскелік полиция инспекторларына арнайы «Учаскелік полиция инспекторларының қызметіне 100 жыл» төсбелгісін табыс етті.

 

Жиын соңында аудан өнерпаздары мерекелік ән-шашуларын жолдады.