03 Қыркүйек 2019
110

Бөкейордалық ұстаздар тіл үйренуге көмектесетін сайт жасады

Бөкей ордасы ауданы Саралжын ауылы Қ.Сағырбаев атындағы мектептің информатика пәнінің мұғалімі Тілекжан Бегишанов пен ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мирхат Ахтаров үш тілді қолданысқа енгізіп, білім беру мазмұнын жаңартуға қажетті сайт ойлап тапты.

 

Қос ұстаз ойлап тапқан www.eneasy.kz сайтының бірінші деңгейінде үш тілде сөздік жаттау тест тапсырмасы арқылы бағаланады. Екінші деңгейге күнделікті баратын жерлеріміз немесе жұмыс орнымызда тағы басқа жерде қалай үш тілде тілдесуге болатын үйрететін тіл аудармасы мен диалогтық мәтін орнатылған. Үшінші деңгейде белгілі шетелдік орындаушылардың әні және сол әннің кавер нұсқасы қоса берілген.

 

-Әлемде ағылшын және орыс тілі кең тараған. Көп тілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан көп тілді білім беруді насихаттаған бұл сайттың басты мақсаты білім алушының қабілетін шыңдап, көп тілді меңгеруге мүмкіндік жасау,-дейді сайт авторларының бірі Тілекжан Ғафурұлы.