05 Қыркүйек 2019
266

Білім ордасына сый жасады

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Қаратөбе ауданы Аққозы мектебінде ізгі іс жүзеге асты.

«Бөлекбай» шаруа қожалығының жетекшісі Тимур Бөлекбайұлы білім ордасына демеушілік жасады. Қожалық иесі Тимур ұлттық мұраны, дәстүріміз бен мәдениетімізді жаңғыртып, мектеп оқушыларына 10 дана домбыра сыйға тартты. Сонымен қатар «Салық» шаруа қожалығының жетекшісі Салық Ермекұлы мектептің 10-сынып оқушысы Эльмира Рафаэльқызына шәкіртақы табыстады. Шарада округ әкімі Қоныс Мұқанов, аудандық «Рухани жаңғыру» кеңсесінің әкімгері Айгөлек Андирова, мектеп директоры Айгүл Мәлікқызы сөз сөйлеп, қожалық жетекшілеріне алғыс айтты.