05 Қыркүйек 2019
308

Атқа міну мәдениеті түсіндірілді

Бөрлі ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық білім беру бөлімі, «Ақсай» мәденибұқаралық ұлттық ат спорт кешені оқушыларға атқа міну мәдениеті туралы сабақ өткізді.

 

«Атқа міну Ұлы даладан тараған» тақырыбымен өткен сабаққа Ақсай қаласының №1 мектеп-балабақша кешені және №5 мектептен 600-ге жуық  оқушы қатысты.

 

Оларға атты ерттеу, дұрыс отыру, арбаға жегу көрсетілді. Шара соңында оқушылар атқа мініп, арбаға отырды. Айта кетейік, шара жыл басынан бастап қаладағы № 2, 3, 4, 6 мектепте өткізілді.