04 Қыркүйек 2019
331

Мемлекеттік инспектор Шыңғырлаудағы бірқатар нысанды аралады

Шыңғырлау ауданына Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы М.Абауов келді

 

Инспектор ең алдымен Ащысай ауылында «Ақбұлақ» бағдарламасымен жүргізілген су құбырының жұмысымен танысты. Аудан әкімі Е.Тұрмағамбетов сөз барысында «Ақбұлақ» бағдарламасымен ауданның 89 пайызы таза ауыз сумен қамтылғандығын, соның ішінде осы Ащысай су құбырының үлесі жөнінде айтып кетті. М.Абауов аудандық электр торабымен және аудан орталығындағы көше жолдарының жөндеу жұмыстарымен танысты. Жолды жөндеу жұмыстарына жауапты мердігер «Айдана» ЖШС-ның жауапты өкілі В.Жамхарян С.Датов, Ғ.Мұратбаев, Тәуелсіздік көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен таныстырды. Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы атқарылып жатқан жұмыстармен жете танысып, сапасына үлкен мән беруді тапсырды.

Одан әрі Шыңғырлау мектебінің және аудандық аурухана мекемесінің қысқы жылыту маусымына дайындық жұмысын тексерді. Әлеуметтік маңызы зор нысандардың қыс мезгіліне дайындығы мен қауіпсіздік шараларының уақтылы орындалу қажеттігін айтты. Сонымен қатар мемлекеттік инспектор М.Абауов аудан орталығындағы бірқатар нысанды аралады.