10 Қыркүйек 2019
105

Бәйтеректік тұрғын 500 мың теңгенің сертификатын ұтып алды

Орал қаласындағы «Мастер» сауда орталығы 15 шілде мен 30 тамыз аралығында құрылыс заттарына сауда жасаушы тұтынушыларға ұтыс акциясын жариялаған. Акцияның қорытындысы 7 қыркүйек белгілі болды

 

Аталмыш акцияға қатысқан Переметный ауылының тұрғыны Абзал Бисенғалиев 500 000 теңгенің сертификатын ұтып, дүкеннен құрылыс затын тегін алуға мүмкіндік алды. Абзал Ғазизұлының айтуынша, «Мастер» сауда орталығынан 15 шілде күні 60 мың теңгеге құрылыс затын сатып алған. Айта кетейік, мереке аясында ұйымдастырылған ұтыс ойынға 500-ден астам тұтынушы қатысқан