11 Қыркүйек 2019
43

Жәнібекте спорттық нысан салынуда

Жәнібек ауданының әкімі Азамат Сафималиев пен Жәнібек ауылдық округінің әкімі Абзал Қаратаев аудан орталығындағы Х.Чурин көшесінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Аталған көшенің жиегінде темір тордан қоршау жасалуда. Жол шетіне 200 түп терек отырғызылады. Сонымен қатар басшылар аудан орталығына кіре берістегі жаңадан бой көтергелі жатқан дене шынықтыру және сауықтыру орталығының құрылысына барды.

 

Жаңа нысан құрылысының мердігері «Марасант» ЖШС-ның Жәнібек ауданындағы құрылыс бөлімшесінің бастығы Талғат Есенбаевтың айтуынша, құрылысқа қажет цемент ерітіндісін сынамалық зертхананың қорытындысы шыққаннан кейін тоқтап тұрған жұмыс жалғасады.