12 Қыркүйек 2019
296

Қазталовта «Жомарт жүрек» сыйлығы табысталды

Қазталов ауданы бойынша «Жомарт жүрек - 2019» сыйлығының лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Көрме ұйымдастырылып, аудандағы «Рухани жаңғыру» бағдарлама аясында жыл басынан атқарылған жұмыстар, жүзеге асқан жобалар жөнінде бейнефильм көрсетілді.

Салтанатты шарада аудан әкімі Альберт Есалиев сөз бастады. -«Жақсылының жақсылығын айт, нұры тассын» дейді дана халқымыз. Сіздердей жүрегі жомарт азаматтардың есімі баршаға үлгі. Осы жерден табылып отырған барлық азаматтардың демеушілігімен 2008 жылдан бастап 300 млн. теңгеге 100-ге жуық жоба жүзеге асқан. Болашақта бұндай жобалар әлі де көп болады деп ойлаймын. Жақсылықтарыңыз Алладан қайта берсін. Игі істер елімізде көп болсын! -деген тілегін жеткізді.

 

Ауданда жыл басынан бері бірқатар жоба жүзеге асты. Айта кетерлік, Жалпақтал, Бостандық, Қазталов, С.Есетов, Ақпәтер, Қараөзен, Жаңажол, Қарасу, Ғ.Беғалиев, Жас, Бірік, Көмекші мектептерінің әр жылы бітірген түлектері «Құрмет» тақтасы, монумент, бюст, жарықдиодты композициялар, жарық шамдар, электронды табло, спорттық гимнастикалық және балалар ойын алаңдары, шағын футбол алаңы, ротонда, саябақтар, кіре беріс жол белгілері, хоккей қорабы, led экран, тарихи-өлкетану музейі, мұнарлы сағат архитектуралық комплексін сыйға тартты.

 

Сондай-ақ жеке кәсіпкер Самат Хасанов өз қаражатына құны 16 млн. теңге тұратын фельдшерлікакушерлік пунктін салып берді. Шарада туған жерге қалтқысыз қызмет еткен азаматтарды «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапаттап, алғысхат табыстады