19 Тамыз 2019
31

Шыңғырлауда жамбы атудан жарыс өтеді

Ертең, 20 тамыз күні Шыңғырлау ауданындағы Ащысай ауылдық округінде жамбы атудан жастар мен ересектер арасында аудандық жарыс өтеді.

 

Мергендікті, жауынгерлікті талап ететін бұл ұлттық спорт түрінен жарыс өткізудегі мақсат әскерижауынгерлік дайындықты жетілдіру, мерген садақшыларды анықтау, ұлттық спорт түрлерін кеңінен таратып, жастардың патриоттық сезімдерін ояту дейді.

Жарысты «Шыңғырлау» спорт клубының қолдауымен Ащысай ауылдық округі ұйымдастыруда. Жарысқа Ақшат, Ақтау, Алмаз, Ардақ, Қарағаш, Ащысай ауылдарының тұрғындары қатыспақ. Жамбы ату Ащысай ауылдық округінің мектеп алаңында сағат 11:00-де басталады.