11 Қыркүйек 2019
44

Теректідегі шипажайға барар жол жөнделуде

Алыс-жақынға атағы жеткен, ауасы дәрумен «Ақжайық» шипажайына барар жол енді демалушылар үшін жайлы болады.

 

 

Өткен айда шипажайға барар жолды жөндеуге кіріскен мердігер «ДостықСпецТранс» ЖШС қазірдің өзінде біраз жұмысты еңсеріп тастады.

 

 

Шипажайға жеткізер 6 шақырым жолды жөндеуге республикалық бюджеттен 229 миллион 264 мың теңге бөлінген. Ауа-райының ашық мезгілін ұтымды пайдаланған жол салушылар 4 шақырым жолды тегіс асфальт жабынмен жауып үлгерген. Осы қарқыннан таймаса, шипажай жолы белгіленген мерзім, жыл аяғынан бұрын бітуі мүмкін.