13 Қыркүйек 2019
340

Шөптікөл мектебінде ІТ сынып ашылды

Қаратөбе ауданы Шөптікөл мектебінде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған ақысыз IT сынып» атты жобасының бастамасымен заманауи түрде жабдықталған IT сынып ашылды.

 

 

IT сыныпта 5-10-сынып оқушылары білім алады. Сыныптың ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі Жанат Асантаев мектеп ұжымын құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Сыныптың ашылу салтанатында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев пен ардагер ұстаз Үмбетқали Бақтығалиев лента қиды.

 

 

Заманауи үлгіде жабдықталған сыныпта оқушылар ақпараттық технология саласын меңгереді. Web сайттар ашып, робот құрастыру және оны басқару, 3D принтинг және тағы басқа жеке жобалар жасауды үйренбек. Үздіктері республикалық, халықаралық ІТ байқауларға қатысып, тың идеяларын дамытуға мүмкіндік алады.

Бұл «Нұр Отан» партиясының мемлекеттік және жергілікті органдармен бірлесуі арқасында ауданда ашылып отырған үшінші сынып. Бүған дейін аудан орталығындағы Мұхит атындағы мектеп пен Қаратөбе мектеп-гимназиясында ашылған еді.

 

 

Алдағы уақытта басқа білім ордаларында да бағдарламалау мен робототехника негіздерін тереңірек тегін оқытатын ІТ-сыныптар ашылмақ.