13 Қыркүйек 2019
188

Сырымдықтар Жолдауды талқылады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты жолдауы Сырым ауданының активінде талқыланды. Актив жиналысына Сырым аудандық мәслихатының хатшысы Шынар Дүйсенғалиева, облыс әкімінің қоғамдық өкілі Есберген Әжібаев қатысты.

 

 

Негізгі баяндаманы жасаған Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев жолдауда мемлекет тұрақтылығының негізіне баланған халық пен билік арасындағы сұхбатты ауданда жандандыруды, соның ішінде жыл басынан бері 304 адамның өтініші тыңдалған «Ашық әкімдік» шарасын нәтижелі ұйымдастыруды, қолжетімді цифрлы мемлекеттік қызметті ұсыну үшін «Smart Syrym» мобильді қосымшасын қолданушылар санын арттыруды тапсырды.

 

 

Жыл басынан бері Сырым ауданы әкімінің жеке қабылдауына 338 азамат келген. Өтініштерге қатысты жұмысты күшейту, халықпен тиімді кері байланыс орнату мақсатында ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары аудан әкімінен азаматтардың арыздарын заңға сәйкес мерзімде қарап, нақты әрі сапалы жауап беру туралы тапсырма алды.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2, 3 есеге өсті. Бұл мөлшерді көбейту – негізгі міндет. Бұл бағытта аудан әкімінің орынбасары Е.Ахметов және аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі, Сырым ауданы бойынша кәсіпкерлер палатасы өзара бірлесе отырып, ауданда жүзеге асырылуы маңызды жобалардың бизнес – жоспарын жасақтамақ. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланусыз жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу және анықталғандарын ауданның жер қорына қайтару жұмысы да кезек күтіп тұр

 

 

Осы секілді тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету шараларын кешеуілдетпеу, мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының тиімділігін арттыру, рухани әрі саулық тұрғысында мықты халықты қалыптастыру жайы жолдаудың маңызды тұсы ретінде аталды.