13 Қыркүйек 2019
27

Шоқтыбайда жаңа стадион ашылды

Шыңғырлау ауданының Шоқтыбай ауылында стадион ашылды.

 

 

Бастапқыда ауыл тұрғындарының демеушілігімен басталған жаңа нысанның құрылысына кейін жергілікті бюджеттен 4 млн. 800 мың теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстарын «Сүлеймен» ЖК жүргізіп, уақтылы аяқтады. 594 шаршы метр стадион биік тормен қоршалып, ішінде волейбол, баскетбол, шағын футбол алаңы талапқа сай жасақталған.

 

 

-Бүгін есігін ашқан спорт алаңы ауыл тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға үндейтін, жастарды бұқаралық спортқа тартатын тәрбие ошағы болуына бәріміз де атсалысуымыз қажетпіз. Себебі Президентіміз Қ.Тоқаевтың Жолдауында барлық жастағы азаматтар арасында бұқаралық спортты дамыту маңызды деген болатын. Сондықтан барлығымызды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз, - деген аудан әкімінің орынбасары Азамат Бисембаев ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

 

 

Сондай-ақ ауыл тұрғыны Зибагүл Шибентаева жерлестер атынан стадионның ашылуымен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

 

 

Жаңа стадионның ашылу құрметіне ауданның ауылдық округтерінен келген футбол командалары алаңда жолдастық кездесу өткізді.