20 Қыркүйек 2019
376

Өзге ұлт өкілдері фестивальге жиналды

Бәйтерек ауданындағы Достық үйінде аудандағы өзге ұлт өкілдерінің ұйымдастыруымен «Асыл мұра» атты фестиваль өтті.

 

 

Фестивальдің алғашқы құттықтау сөзі халықаралық байқаулардың лауреаты, халықтық «Достық - Дружба» ансамблінің көркемдік жетекшісі Сергей Саяпинге берілді.

 

 

Мерекелік шараның басты мақсаты өңірімізде қоныстанған түрлі ұлт өкілдерінің қоғамдық шараларды бірлесе атқаруына жағдай жасау, аудан мәдениеті мен өнерінің дамуына үлес қосу. Халықтар достығының ортақ шаңырақта өнер көрсетуіне қолдау танытып, жиналған қауымға халқымыздың кеңпейіл қонақжайлығы мен ақкөңіл дархандығын үлгі етіп, өлкемізде болып жатқан мерекелік шараларға атсалысу, - деді С.Саяпин.

 

 

Салтанатты шара мерекелік концертке ұласып, әр ұлт өкілі өздерінің салт-дәстүрін насихаттап, өнерлерін көрсетті.