20 Қыркүйек 2019
229

Дариянда «Ашық әкімдік» шарасы өтті

Бәйтерек ауданы Дариян ауылдық округінде қоғамдық қабылдау өтті.

 

 

Халық пен атқарушы билік арасын жақындата түсу мақсатында ұйымдастырылған шараға аудан әкімі Асхат Шахаров, аудан прокуроры Данияр Төлегенов және барлық бөлім, мекеме басшылары қатысты. Дариян ауылындағы кездесуге ауыл тұрғындары көптеп келді. Көпшілік тұрғын үй және тұрғын үй құрылысына қажетті жер телімі жөнінде сұрақтар қойды. Сондай ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін берілетін несие жайында да сауалдар болды. Шара барысында аудан әкімі Асхат Берлешұлы мен бөлім басшылары, Дариян ауылдық округінің әкімі Исатай Мұғалбаев қойылған сұрақтарға жауап беріп, көтерілген мәселелерді шешу жолдарын түсіндірді.