24 Қыркүйек 2019
29

Ақжайық ауданында мал асылдандыру ісі қарқын алған

Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында биылғы жылы аудан әлеуетін арттыру мақсатында атқарылған қоғамдық-саяси, мәдени тыныс-тіршілігінде оң өзгерістерге тоқталды. Әкімнің айтуынша, аудан көлемінде бірқатар жобалар жүзеге асырылған.

 

 

Аудан бюджеті биылға 11 млрд. теңге көлемінде бекітілді, соның ішінде жергілікті бюджетке 8 айда 839,4млн. теңге түсті. Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 1 млрд 897,2млн. теңгені құрады. Бұл былтырғы осы кезеңімен салыстырғанда 14,5%-ке артық,-деді Қалияр Шадиярұлы. Ақжайық ауданының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі10 млрд. 537,2 млн. теңгені құрады. Бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек деңгейінен 1,4%-ке артық. Аудан бойынша 1 қыркүйек күнгі дерек бойынша мал саны мынадай: ірі қара 92,8 мың (+5,6%), ұсақ мал 258,0 мың бас (-0,2%), жылқы 36,0 мың (+0,5%), түйе – 191 бас (-7,3%). -Асылдандыру шаралары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда аудан бойынша асыл тұқымды мал өсіретін, соның ішінде ірі қара өсіретін 46, жылқы өсіретін 8, қой өсіретін 4 шаруашылық бар,-деді аудан әкімі. Сыбаға бағдарламасы бойынша 2019 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарына 191,1 млн. теңге несие беріліп, күні бүгінге шет елден асыл тұқымды 470 бас ірі қара алынған.