24 Қыркүйек 2019
52

Ақжайықта «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 5 жоба іске аспақ

Бұл туралы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәслихатында Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов айтты.

 

 

-«Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев перспективалық ауылдарды дамыту үшін «Ауыл - ел бесігі» атты арнайы жобаны іске асыруды тапсырды. Осы орайда биыл Ақжайық ауданы бойынша барлығы 612 млн.теңгеге 5 жоба енді. Күні бүгінге аудан орталығында Әбілқайырхан хан көшесі жарықтандырылды. Қалған жобалар бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың қататрында №1 орта мектепті және аудандық балалар жасөспірімдер спорт мектебі ғимаратын күрделі жөндеу,  Чапаев ауылының Тәуелсіздік, Мендалиев, Қазақстан, Щурихин көшелеріндегі ауылішілік жолды күрделі жөндеу жұмысы бар, -дейді Қ.Айтмұхамбетов.