24 Қыркүйек 2019
124

Ақжайық ауданының білім саласына 30 маман қажет

Ақжайық ауданында 45 мектеп (24 орта, 12 негізгі, 9 бастауыш мектеп), 1 саз мектебі, балалар шығармашылығы, туризм және экология орталықтары және 5 ауылдық округте мектеп жанындағы интернат бар.

 

-Білім беру ұйымдарында 1 005 педагог жұмыс жасайды. Білім саласы бойынша кадр жетіспеушілігі мәселесі де жоқ емес. 2018 жылы 45 мұғалім жұмысқа қабылданса, биыл жұмысқа 9 мұғалім тұрды. Қазіргі таңда ауданға білім саласында 30 қызметкер қажет. 2017 жылы аудан орталығындағы авариялық деп танылған мектептің орнына жаңа 300 орындық мектеп пен 100 орындық интернатының құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл нысанда оқушылар мен ұстаздарға сапалы білім алуға барлық жағдай қарастырылған. Жоспар бойынша алдағы жылы пайдалануға беріледі,- деді Ақжайық ауданы әкімі Қалияр Шадиярұлы БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы баспасөз мәслихатында.