24 Қыркүйек 2019
111

Ақжайық ауданында «Жұбан орталығы» салынуда

Бұл жайлы бүгін Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов БҚО өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтты.

 

-Келер жылы даңқты жерлесіміз, аты алаштан асып, әлемге әйгілі болған ақын, белгілі қоғам қайраткері, «Мен-қазақпын!» деп жаһанға жар салған Жұбан Молдағалиевтың туғанына 100 жыл толғалы отыр. Ақын тойы кең көлемде тойланбақшы. Осыған орай, ардагерлер кеңесінің бастамасымен аудан орталығында «Жұбан орталығы» ғимаратын салу жөнінде үндеу жариялаған болатын. Үндеу халықтың қолдауына ие болып, жоғары аталған бағдарлама аясында биылғы жылы «Жұбан орталығы» ғимаратының құрылысының жұмысы басталды,- деді Ақжайық ауданының әкімі Қалияр Айтмұхамбетов. Аталған ауданда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында біркелкі жұмыстар атқарылуда. Аудан көлемінде меценаттардың көмегімен 2018 жылы 70 млн. 470 мың теңгенің 45 жобасы жүзеге асқан. Биыл да бұл жұмыстар жалғасын таппақ.