25 Қыркүйек 2019
114

Газет редакторы аралтөбелік ұстаздармен жүздест

Сырым ауданында «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы қызметкерлерінің оқырмандармен кездесулері басталды. «Жайық Пресс» ЖШС Сырым аудандық филиалы, «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің директор-редакторы Бауыржан Ширмединұлы Аралтөбе мектебінің ұстаздарымен жүздесті.

 

Бауыржан Ширмединұлы өзінің сөзінде жергілікті басылымның елдегі қоғамдық-саяси жаңалықтарды жеткізумен қатар, елдің ішіндегі таланттарды, еңбек адамдарын ұдайы насихаттап келе жатқанын, ең бастысы қоғамдық мәселелерді шешуде де халықтық мүддені ұстанып келе жатқанын айтты. Аудандық газеттің оқырмандарының басым бөлігін педагогтар құрайтындығы белгілі. Газеттің редакторы аралтөбелік мұғалімдерді газеттің оқырманы болып қоймай, мектеп пен ауыл тынысынан хабарлар, мақалалар жазып, белсенді авторлардың да қатарында болуға шақырды.

 

 

Аралтөбе мектебінің директоры Бекет Қабасов «Сырым елі» газетінің бетінде ауданның үздік педагогтарының бұрышын ұйымдастыру және ақын Қадыр Мырза Әлидің ғибратнамалық әңгімелерін жариялау жөнінде ұсыныс айтты. Тарих пәнінің мұғалімі Қайыржан Арыстанов редакцияның ақылы қызметтеріне қатысты сұрақ қойды.